Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол жұмыс істеуге әзір": Бишімбаевтың әйелі түрмедегі күйеуі туралы мәлімдеді

Опубликовано:

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Назым Бишімбаева күйеуі Шымкенттегі колониядағы жұмыстан бас тартпағаны жайлы мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ол жұмыс істеуге әзір": Бішімбаевтың әйелі күйеуінің түрмедегі жұмыстан бас тартқанына қатысты пікір білдірді
Шымкенттегі түрме (Астана арнасынан кадр), Қуандық Бишімбаев (Фото: kaz.nur.kz): UGC

Хабарламада экс-министр шымкенттік колонияға ауыстырылғаннан кейін сол мекемеде еңбектенуге келісім беретіні жайлы құжатқа қол қойғаны айтылған.

"Бірақ мекеме әлі оған жұмыс берген жоқ", - деп жазды Бишімбаевтың жұбайы.

Сондай-ақ, Назым Бишімбаева күйеуі апта сайын екі сағат бойы колонияны көркейту жұмыстарына қатысатынын, бірақ бұл үшін ақша алмайтынын жеткізді.

Оның сөзінше, ол жазасын өтеген бұрынғы мекемеде оның жұмысын: "Ешбір жұмыс түрінен бас тартпады. Жұмысты сапалы жасайды", - деп сипаттаған.

Еске сала кетейік, 15 ақпанда Шымкенттегі түрмеге ауысқан Бишімбаев әлі күнге қара жұмысқа араласпағаны туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1783313-ol-zmys-isteuge-zir-bisimbaevty-jeli-trmedegi-kjeui-turaly-mlimdedi/

pixel