Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуіне жұрт көзінше бұйырып сөйлейтін әйел елден көмек сұрап отыр

Жарияланған күні:

Өскемендік Айжан есімді келіншек өзінің күйеуін сыйламайтынын, достарының көзінше дөрекілік танытатынын жазып, баршадан көмек сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Күйеуіне жұрт көзінше бұйырып сөйлейтін әйел елден көмек сұрап отыр
Фото: politexpert.net: UGC

Күйеуі Жалғаспен бір жыл бұрын отау құрған өскемендік келіншек өзінің жұбайына елдің алдында дауыс көтеріп, масқаралайтын әдеті бары екенін айтып, сырын ақтарды.

"Жалғаспен қыз-жігіт болып жүрген кезде ол маған: "сенің бұйырып сөйлейтінің ұнамайды. Мені сыйлауың керек" деп ашуланатын. Мен өзімнің дөрекі, кейде бұйрық райында сөйлеп қалатын әдетім бар екенін кейін аңғардым. Не де болса өзгеремін деп шештім. Басында бәрі өз орнына келген секілді болды. Бірақ бәленің бәрі үйленгеннен кейін басталды", - дейді келіншек.

Айжанның айтуынша, ол үйленгеннен кейін жігіттің туысқандары мен достарының көзінше оған дауыс көтеріп, бұйырып сөйлейтін әдетін қайта шығарған. Келіншегіңнің мұндай қылығына төзбеген еркек жарына шарт қойған екен.

"Бұдан былай мені жермен жексен еткеніңді қоймасаң, ажырасамын! Сенің алдыңда қадірім қалмаған екен, ұйыған отбасы бола алмаймыз" деп кесіп айтты. Бұдан кейін өзімді қоярға жер таппай қалдым. Мінезімді қалай өзгертемін? Күйеуіме ғана емес, барлығына шындықты "топ" еткізе салатын, тік мінезді жанмын", - дейді кейіпкер.

Айжанның ойынша бұл оның анасынан қалған әдет. Отбасының тізгінін ұстаған ана балаларын басқа адамдарға басын игізбей, керісінше, жұдырығында ұстауды үйреткен көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1783492-kjeuine-zrt-kzinse-bjyryp-sjlejtin-jel-elden-kmek-srap-otyr/