Батыстықтар көрісу күнін дүркіретіп тойлап жатыр (фото, видео)
Опубликовано:
Бүгін еліміздің батыс өңірінде тойланатын амал мерекесі басталып кетті. Жұрттың бір-бірімен амандасып, "бір жасың құтты болсын" деп көрісетін күні Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау мен Ақтөбе облыстарында кең тараған. Бұл жылы батыстықтар атаулы мерекені дүркіретіп тойлауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шаттық пен қуаныштың, молшылықтың мерекесі болған көрісу күнін Маңғыстау жұрты ерекше атап өтуде. Tumba.kz-тің мәліметінше, бұл мейраммен өңір халқын Маңғыстау әкімі Ералы Тоғжанов құттықтаған.


Сондай-ақ, өкпе-реніштің барлығы ұмытылып, татуластық орнайтын мерекеде Ақтауда ұзын-сонар көш жүрген.

Қазақстанның байрағын көкке көтерген олар қаз-қатар болып тізілген киіз үйлердің маңына табан тірепті. Ал ұлттық киім киген жұрт ұлттық аспаптармен ән салып, би билеген. Дүбірлі тойда ұлттық ойындар да ойнатылған.

Өңір тұрғындары дүркіреп өткен тойдың видеосын Facebook желісіне жариялаған.
Tumba.kz ақпаратына сәйкес, Амал мерекесін жұртшылық "Отпан тау" кешенінде тойлаған.

Мейрам қарсаңында Отпан тауда бірлік алауы тұтанған. Маңғыстаулықтар алауды осы аймақта жағу өңір халқын қауіптен сақтайды деп сенетін көрінеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1783541-batystyktar-krisu-knin-drkiretip-tojlap-zatyr-foto-video/