Сапарбаев: Таңның атысы, күннің батысы жұмыс істеп, отбасын асырау керек
Жарияланған күні:
Ақтөбе облысының экс-әкім Бердібек Сапарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі алғашқы жұмыс сапарын батыс өңірінен бастады. Кездесу барысында министр қиын жағдайдағы әрбір отбасыға көмек көрсетуге уәде беріп, еңбек етуден қашатындардың да барын жасырған жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Күні кеше ақтөбеліктремен кездескен Сапарбаев ер азаматтарға өз кеңесін берді. Айтуынша, ер адам таңның атысынан күннің батысына дейін жұмыс істеп, отбасын асырау керек.
"Еңбек етуге тиіспіз. Таңның атысы, күннің батысы жұмыс істеп, отбасын асырау керек. Менің өзім кезінде Алматыда пәтер жалдап тұрдым. Ол кезде қаржы министрлігінде жұмыс істедім. Сағат 6-да жұмыстан шығып, сағат 7-де комбинатқа барып, жүк тасушы болатынбыз. Қызанақ, басқаларын тасыдық.
Менің ойымша, осында отырғандардың жартысы кезінде солай жұмыс істеген. Сондықтан сіздер жолдастарыңызға жұмыс іздеп, жұмыс тап деп айтуларыңыз керек. Денсаулығым нашар деп жата беруге болмайды", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.
Ақтөбелік келіншек кездесуге келген министрлерге жолдасының тек жаз мезгілінде ғана жұмысқа шығатынын, қыс мезгілінде денсаулығына байланысты үйде отырып қалатынын айтқан болатын.
"Көп баланың болғаны, санымыздың өскені жақсы. Бірақ бір нәрсені ұмытпауымыз керек. Өзімідің қазақтарды масылдыққа тәрбиелемеуге тиіспіз. Кішкентай кезінен еңбекке тәрбиелеу дұрыс.
Мемлекет басшысының берген тарсырмасы, үкіметтің міндеті жергілікті билікпен бірігіп, көпбалалы отбасылардың жұмыс жасауына жағдай жасау. Ағайындар, онсыз болмайды. Мына жерде үлкен ағаларымыз отыр. Кезінде жағдайдың қалай болғанын біледі", - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1783620-saparbaev-tany-atysy-knni-batysy-zmys-istep-otbasyn-asyrau-kerek/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.