Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында есірткі тасымалдаған теріс діни ағымды насихаттаушы ұсталды

Опубликовано:

Түркістан облысындағы Мақтарал ауданында есірткі сатумен айналысты деген күдікпен  діни теріс ағым есебінде тұрған жергілікті тұрғын құрықталды.  Полицейлер күдіктіден марихуанаға ұқсас өсімдік тектес екі күкірт қорабындағы есірткі затын тәркілеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ria.ru
Фото: ria.ru: UGC

Онымен қоймай, ұсталған азаматтың үйін тінту барысында  діни теріс ағымды насихаттайтын әдебиетті тәркіленіпалынған. Қазір арнайы сараптама тағайындалған.

"Қылмыстық кодекстің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр"-деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1783811-trkistan-oblysynda-esirtki-tasymaldagan-teris-dini-agymdy-nasihattausy-staldy/

pixel