Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асқар Мамин Шымкентте 12 мың теңгеге туфли сатып алды

Опубликовано:

Асқар Мамин Шымкентте 12 мың теңгеге аяқ киім сатып алды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бүгін Үкімет басшысы Асқар Мамин Шымкент қаласына барды. Сапар барысында бірқатар нысандарды аралаған Премьер-министр шұлықтың 200-ден астам түрін шығаратын "Әлем БТ" өндіріс орнына, кейіннен жуырда ғана іске қосылған "Lux Shoes" аяқ киім фабрикасына ат басын бұрды.

Аяқ киім моделінің жаңа түрлерін шығарумен айналысатын фабриканың жұмысын өз көзімен көрген Үкімет басшысы 12 мың теңгеге су жаңа туфли алды.

Айта кетейік, "Lux Shoes" фабрикасы "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Бұл жобаға 403 млн теңге кеткен.

Еске сала кетсек, былтыр дәл осы фабрикадан Шымкент әкімі де өзіне аяқ киім сатып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1783875-askar-mamin-symkentte-12-my-tegege-tufli-satyp-aldy/

pixel