Алматыда сегіз қалта ұрысы ұсталды (фото)
Опубликовано:
Осы демалыс күндері Алматы полициясы сегіз қалта ұрысын ұстады деп хабарлайды қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Полиция қала тұрғындарына сауда үйлерінде, қоғамдық көліктерде және аялдамаларда абай болуды ескертеді. Себебі, қалта ұрлығы осы тектес жерлерде көп орын алады.

Барлық ұрылар бірдей әрекет етеді. Нақтырақ айтқанда, олар ұқыпты түрде ұялы телефон мен әмиянды артқы қалтадан немесе сыртқы киім қалтасынан шығарып алады.

Сол себепті, ұялы телефоныңыз бен әмияныңызды ішкі қалтаңызға салып қойғаныңыз абзал.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1784151-almatyda-segiz-kalta-rysy-staldy-foto/