Әбдірахымов Шымкенттегі даңғыл атауын Нұрсұлтан Назарбаев деп өзгертуді ұсынды
Опубликовано:
Шымкент әкімі қаладағы Астана даңғылын Nursultan Nazarabaev деп өзгерту туралы ұсыныс айтты деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.
![Әбдірахымов Шымкенттегі Астана даңғылын Нұрсұлтан Назарбаев деп өзгертуді ұсынды Әбдірахымов Шымкенттегі Астана даңғылын Нұрсұлтан Назарбаев деп өзгертуді ұсынды](https://cdn.nur.kz/images/1120/d86d279e0bb3f7af.jpeg)
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласына "Нұрсұлтан" атауын беруді ұсынды>>>
Назарбаевтың портреті еліміздің барлық мекемелерінде қалатын болды>>>
Нұрсұлтан Назарбаевқа "Халық қаһарманы" атағы берілді>>>
Қазақстанда басты қалалардың орталық көшелеріне Назарбаев атауы беріледі>>>
Бекетаев - астаналықтарға: Құжаттарды ауыстыруға жүгірудің қажеті жоқ>>>
Ғабидолла Әбдірахымов бұл ұсынысын қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында мәлімдеді.
«Мемлекетіміздің іргетасын қалаушысы, еліміздің Тұңғыш президенті Назарбаев өзінің салиқалы басшылығымен тәуелсіздік туын биікке көтерді. Егемендігіміздің негізін қалаушы Тұңғыш президентіміз - барша қазақстандықтар мойындаған және халықаралық қоғамдастық тарапынан құрметке ие болған ұлы тұлға. Елбасымыздың есімін осылай ұлықтау біз үшін асқан мәртебе және қуаныш», - деді Шымкент басшысы.
Шаһар әкімінің ұсынысын депутаттар бірауыздан қолдады. Енді әкімшілік-іскерлік орталығы орналасқан Астана даңғылы Тұңғыш президенттің есімімен аталуы мүмкін. Бұл бойынша құжат республикалық ономастикалық комиссияға жіберілді.
![Әбдірахымов Шымкенттегі Астана даңғылын Нұрсұлтан Назарбаев деп өзгертуді ұсынды Әбдірахымов Шымкенттегі Астана даңғылын Нұрсұлтан Назарбаев деп өзгертуді ұсынды](https://cdn.nur.kz/images/1120/81ec4a1488aa1987.jpeg)
Еске салса кетсек, кеше Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігін тоқтататынын ресми мәлімдеп, ел басқару қызметін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа уақытша берілетінін айтты.
Бүгін еліміздің жаңа мемлекет басшысын ұлықтау рәсімі өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа ант берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1784624-bdirahymov-symkenttegi-dagyl-atauyn-nrsltan-nazarbaev-dep-zgertudi-syndy/