Ақтаудағы орталық даңғылға Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілді
Жарияланған күні:
Бұдан былай Ақтаудағы ең үлкен даңғыл ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталатын болады.
Бүгін Маңғыстау облыстық мәслихатының отырысында депутаттар осындай шешім қабылдады. Аталмыш орталық даңғыл 1-ші ықшам аудандағы Ақбота саябағынан бастап, 17-ші ықшам аудандағы "Грин Парк" тұрғын үй кешеніне дейін жалғасып жатыр.
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 20 наурыздағы қорытындысы негізінде "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес қабылданған шешім.
Сессияда сөз алған Мәслихат депутаты Табылды Әміров: "Елбасымыз қиын-қыстауда бізді тығырықтан шығарып, бүкіл әлемге Қазақ елін танытқан тұлға. Ол еңбегін бүкіл халқымыз мойындап, алғысын айтуда. Дәл осы сәтте Нұрсұлтан Әбішұлына қандай мадақтау айтсақ та артық емес. Оның үстіне тарихи күні Мәжілісте айтылған ұсыныстар яғни Астанаға есімін беру, монумент қою, облыс орталықтарында үлкен көшелер беріп, ұлықтау өте дұрыс", - деді.
Ол халықтың ойынан шығып жатыр. Біз де бүгін бір кісідей жиналып, ұлы шешім қабылдадық. Біз бір болып, өңір басшысымен бірге Елбасының бастаған ісін әрі қарай жалғастыруға әзірміз. Нұрсұлтан Әбішұлына деніне саулық, отбасына амандық тілеймін.
Жиын соңында облыс әкімі Ералы Тоғжанов Маңғыстау тұрғындарына орталық даңғылға Нұрсұлтан Назарбаев есімін беру туралы шешім қабылдағаны үшін алғысын білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1784652-aktaudagy-ortalyk-dagylga-nrsltan-nazarbaev-esimi-berildi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.