Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстаулық 40 мың жұмысшы астанамыздың «Нұр-Сұлтан» болып өзгеруін оң шешім деп бағалады

Опубликовано:

Маңғыстаулық 40 мың жұмысшы еліміздің Тұңғыш президентіне алғысын білдірген жұмысшылар, Елорданың "Нұр-Сұлтан" болып өзгеруін құптайтындарын жеткізді.

Маңғыстаулық 40 мың жұмысшы астанамыздың «Нұр-Сұлтан» болып өзгеруін оң шешім деп бағалады

«ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мұнайгаз саласы мен көлік логистикасын жаңғыртудағы еңбегі зор». Маңғыстаулық 40 мың жұмысшының пікірі осындай. Өңір экономикасының қарыштап дамып, жаңа кәсіпорындардың іске қосылуында Елбасының атқарған еңбегі өлшеусіз.

Маңғыстаулық 40 мың жұмысшы астанамыздың «Нұр-Сұлтан» болып өзгеруін оң шешім деп бағалады

Назарбаевтың стратегиялық жоспарының арқасында облыста жаңа автомобиль, темір жолдар мен теңіз порттары салынып, Европаға тікелей жол ашылды. Мыңдаған жаңа жұмыс орындары құрылды.

Маңғыстаулық 40 мың жұмысшы астанамыздың «Нұр-Сұлтан» болып өзгеруін оң шешім деп бағалады

​Елбасына алғыстарын жеткізгендердің қатарында мұнайшылар, құрылысшылар, теміржолшылар, кәсіпкерлер мен зауыт жұмысшылары бар. ​«Өзенмұнайгаз», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражамбасмұнай», «Қарақұдықмұнай», «Бозашы Оперейтинг ЛТД» сынды ірі мұнайгаз компанияларының 20 мыңдай еңбеккері Елордаға Елбасының есімін беруді құптайтындарын жеткізді.

Маңғыстаулық 40 мың жұмысшы астанамыздың «Нұр-Сұлтан» болып өзгеруін оң шешім деп бағалады

​«Альянс ЛТД», «Оңдасын строй, «Ақжол құрылыс», «Ас құрылыс», «Макс КМ», «Ақтау строй», «Кезби», «Каспий цемент», «Қаз Азот», «Ақтау НШ», «Айком», «СМК» құрылыс мекемелері мен өндіріс ошақтарының ұжымы да еліміз үшін маңызы зор тарихи шешімді оң бағалап, қолдап отыр.

«Маңғыстау құрылыс саласында 2018 жылы рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, 1 миллион 200 мың шаршы метр тұрғынүй бой көтерді. Бұл Елбасының бастамасымен іске асырылған «Нұрлы жер» мен «Нұрлы жол» бағдарламасының жемісі»,-дейді құрылысшылар.

​Ал бизнес өкілдері киелі Маңғыстау өңіріндегі орта және шағын кәсіпкерліктің өркендеуі мемлекет тарапынан жасалған қолдау шараларының нәтижесімен байланысты екенін айтады.

Маңғыстаулық 40 мың жұмысшы астанамыздың «Нұр-Сұлтан» болып өзгеруін оң шешім деп бағалады

«Атамекен» ҰКП Маңғыстау облысындағы филиалының жеті мың өкілі де астанамыздың «Нұр-Сұлтан» болып өзгеруін оң шешім деп бағалап отыр. "Қазақстан темір жолы" ҰК аймақтағы бес мыңға жуық қызметкері де Тұңғыш Президенттің ерен еңбегіне алғыстарын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1784801-magystaulyk-40-my-zmyssy-astanamyzdy-nr-sltan-bolyp-zgeruin-o-sesim-dep-bagalady/

pixel