Нұр-Сұлтан әкімдігі тақташайдағы жазуды ауыстырып тастады
Опубликовано:
Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда ескі атау жазылған маңдайша жазулар ауыстырыла бастады деп хабарлайды Еlorda.info сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Енді кіреберісте екі тілде жазылған: «Nur-Sultan qalasynyń ákimdigi» және «Акимат города Нұр-Сұлтан» деген жаңа жазу тұр.
Еске сала кетейік, 20 наурыз күні ант қабылдаған Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласын "Нұр-Сұлтан" етіп ауыстыруды ұсынған болатын.
23 наурыз күні Астананың атауы ресми түрде "Нұр-Сұлтан" болып өзгертілді.
Қаржы министрі Әлихан Смайылов астананың Нұр-Сұлтан болып ауысуына қанша қаражат жұмсалатынын мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785165-nr-sltan-kimdigi-taktasajdagy-zazudy-auystyryp-tastady/