Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде жүзден аса киікті қаскөйлермен бірігіп өлтірген инспектор қолға түсті

Опубликовано:

Қарағанды және Ақмола облыстарының аумағында жүзден астам киіктерді өлтірген браконьерлер ұсталды. Жаппай атылған ақбөкендердің өлігі 17 наурыз күні анықталды. Табиғатты қорғауы тиіс инспектордың өзі жүзден астам киікті қаскөйлермен бірге қырып тастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.  

hhhhh
Көрнекі фото: kirov-portal.ru: UGC

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, полиция қызметкерлері мен кинологтардан құралған арнайы жедел-тергеу іздестіру тобы броконьерлерді іздеуге шыққан.    

Нәтижесінде полиция қызметкерлері киікті жаппай атты деген күдікпен бір топ адамды ұстаған. 

Қаскөйлерге жол көрсетіп, ақбөкендерді атқан адамдардың бірі Ауылшаруашылық министрлігінің «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның инспекторы болып шыққан.

Күдіктілер сот шешімімен уақытша тергеу изоляторына қамалды.

«Күдіктілердің тұратын жерлерін тінту барысында қылмыс қарулары, сондай-ақ, киіктердің  мүйіздері табылды. Тергеу әліде жалғасып жатыр», - деп мәлімдеді ІІМ баспасөз қызметі.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785292-elimizde-zzden-asa-kiikti-kaskjlermen-birigip-ltirgen-inspektor-kolga-tsti/

pixel