Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық полицей ер адамды құтқарамын деп мұз астына түсіп кетті

Опубликовано:

Елорданың Есіл өзеніне түсіп кеткен ер адамды құтқаруға барған полицей мен құтқарушы ажал құша жаздады деп хабарлайды NewTimes.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мұз астына түсіп кеткен ер адамды құтқармақ болған полицей мен құтқарушы ажал құша жаздады
Көрнекі сурет: riavrn.ru: Facebook

26 наурыз күні кешкі 18:10-да патруль полицейлері ҚазМЗУ-нің артында ағып жатқан Есіл өзеніне ер адамның түсіп кеткені туралы шақырту алған.

Оқиға орнына жеткен полиция мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері құтқару шараларын жүзеге асыра бастапты.

ТЖД-нің қызметкері ер адамға жақындап, беліне арқан байлаған, алайда мұз оның салмағын көтермей, опырылып кеткен.

Нәтижесінде суға түскен азаматпен қоса полицей мен құтқарушы да мұз астында қалыпты.

Абырой болғанда басқа тәртіп сақшылары көмекке келіп, үшеуі судан шығарылған.

Ер адамға алғашқы көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, ТЖД қызметкері мен полицейге алғашқы көмек көрсетілді.

Полицейлер қазіргі кезде мұз ери бастағандықтан өзен мен тоғандардағы мұз үстімен жүрмеуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785394-astanalyk-policej-er-adamdy-ktkaramyn-dep-mz-astyna-tsip-ketti/

pixel