Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Техниканың аты техника": Мұсабаев Ми-8 тікұшағы апаты жайында пікір білдірді

Жарияланған күні:

Сенатор, авиация генерал-лейтенанты Талғат Мұсабаев сенат кулуарында Ми-8 әскери тікұшағының апаты жайында пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: kg.utro.news
Фото: kg.utro.news: Instagram

Оның сөзінше, Байқоңырдан ұшып шыққан соң тікұшақ диспетчерлік қызмет радиолокаторынан жоғалып кеткен. Артынша оның жерге құлап, толығымен жанып кеткені белгілі болды.

"Ең алдымен, кеше Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы Ми-8 тікұшағының құлауы салдарынан болған әуе апатында көз жұмғандардың жақындары мен туыстарына қайғырып, көңіл айтамын. Бұл көлік ақтаулық гарнизонның 30153 әскери бөліміне тиесілі еді.

Ұшу Қорғаныс министрлігі өткізген арнайы оқу-жаттығу аясында болды. Ақтаулық бөлім Бейнеуге тоқтау арқылы Шымкентке, артынша Байқоңырға ұшып келуі тиіс болған.

Байқоңырдан ұшып шыққан соң бірнеше минуттан кейін тікұшақ диспетчерік қызметтің радиолокаторынан жоғалып кеткен. Кейіннен оның құлап, түгелдей жанып кеткені анықталды", - деді ол журналистерге.

Оның мәліметтері бойынша, ұшу түнгі уақытта күрделі метеорологиялық жағдайда өткен.

"Мен ұшқыш ретінде айтайын, бұл өте ауыр ұшу. Мен осындай жағдайда ұшудың қандай екенін білемін. Экипаж қолдан келгенін істегенімен, техниканың аты техника. Авиация - осындай салдармен күресетін өте ауыр көлік түрі. Ол әрдайым экипажға байланысты бола бермейді", -деп түсіндірді ол.

Сенатор қылмыстық іс аясында ерекше тергеу жүргізілетінін айтты. Бүгінде онда Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, оның бағалауы бойынша, Ми-8 - бұл өте сенімді, бұрыннан пысықталған әрі әлемдегі ең үздік тікұшақтардың бірі. Ол регламенттік жұмыстардың барлық типтерінен өтіп, ұшу жарамдылығына толық сәйкес келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785667-tehnikany-aty-tehnika-msabaev-mi-8-tiksagy-apaty-zajynda-pikir-bildirdi/