Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлігінен тапанша табылған жүргізуші Талдықорған әкімінің ұлы болуы мүмкін

Опубликовано:

Алматыда Toyota Camry көлігінің артында қару мен оқ табылған жүгізуші Талдықорған әкімі Дастан Шалтабаевтың ұлы болуы мүмкін. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарап кеткен. KAZ.NUR.KZ тілшісі пікір алу үшін Алматы полиция бөліміне және аймақтық әкімдікке хабарласты.

Camry көлігінен тапанша табылған жүргізуші Талдықорған әкімінің ұлы болуы мүмкін
Фото: Алматы қаласының ПД: UGC

Тұтқындалған азамат қала басшысының ұлы деген ақпарат Instagram-дағы @taldykorganec_insta парақшасында жарияланған.

"Алматыда Талдықорған әкімінің ұлы тұтқындалған ба?
Жағдайдың мән-жайын білмеймін, бірақ оқырмандарымыз өздерінікін істейді. Естеріңде болсын және біліп жүріңдер, біз талдықорғандықтармыз. Мұнда біз қожамыз.
Бала тәрбиесі әркімнің жеке ісі, бірақ бізде Қазақстанда әдетте қалай? Нөмірлерге қарағанда бұл Талдықорған әкімінің ұлы немесе оның жақындарының бірі", - деп жазылған постта.
Camry көлігінен тапанша табылған жүргізуші Талдықорған әкімінің ұлы болуы мүмкін
Фото: Алматы қаласының ПД: UGC

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл олардың құзыретіне жатпайтынын алға тартып, ақпаратқа қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Олар Алматы облысы әкімдігінен мән-жайды сұрауға кеңес берді.

Camry көлігінен тапанша табылған жүргізуші Талдықорған әкімінің ұлы болуы мүмкін
Фото: Алматы қаласының ПД: UGC

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің басшысы Қалмұрат Жүкел бұл пост туралы білетіндіктерін хабарлады.

"Бұл пост бойынша Талдықорған әкімі Дастан Шалтабаевқа қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде.
Қазіргі таңда бұл ақпаратты растап немесе жоққа шығара алмаймын. Мәселені зерттеп жатырмыз.
Тергеу аяқталғанда ресми ақпарат береміз", - деді Қалмұрат Жүкел.

Еске сала кетейік, Алматыда қымбат нөмірлі Camry көлігінен тапанша мен қыруар ақша табылған болатын.

Camry көлігінен тапанша табылған жүргізуші Талдықорған әкімінің ұлы болуы мүмкін
Фото: Алматы қаласының ПД: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785889-kliginen-tapansa-tabylgan-zrgizusi-taldykorgan-kimini-ly-boluy-mmkin/

pixel