Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұқағалидің өлеңін беріле оқыған қыз бала ел алдында жылап жіберді

Опубликовано:

Шымкентте ақын Мұқағали Мақатаевтың "Ана, сен бақыттысың" өлеңін сезімге беріле оқыған қыз бала сахна үстінде жылап жіберді. Бүлдіршін өзі оқыған өлең жолдарынан ерекше әсер алса керек деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: Instagram

Сахнада көз жасына ерік берген қыз баланың видеосын Instagram желісінде тележүргізуші Дана Нұржігіт жариялады.

Анықталғандай, бұл жағдай Шымкент қаласында өтіп жатқан арнайы жобаның кастингі барысында орын алған.

Мәнерлеп оқу өнерін паш етпек болған бүлдіршін ел алдына жылап, көпшілікке естен кетпес әсер қалдырған.

Қатты толқып кеткен балақай көз жасына қарамастан, ақынның өлеңін соңына дейін оқыған.

Аталмыш видеоны тамашалаған желідегілер кішкентай қыздың ерекше өнері мен шеберлігіне тәнті болған.

"Жүрегіңнен айналдым. Аман жүрші" , "Жаным жыламашы, өзі болашақ актриса" , "Бағың жанып, биіктерден көріне бер" , "Айналайын, талабыңа нұр жаусын" , - деп тілек білдіруде көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786206-mkagalidi-lein-berile-okygan-kyz-bala-el-aldynda-zylap-ziberdi/

pixel