Қостанайдың экс-әкімі Ахмедбек Ахметжанов шартты түрде бостандыққа шықты
Опубликовано:
Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов шартты түрде бостандыққа шықты. Бұл туралы ТоболИнфо-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Басылымның ақпаратына сәйкес, 1 сәуір күні сот Ахмедбек Ахметжановтың аппеляциялық арызын қарастырып, қаланың экс-әкімін шартты түрде бостандыққа шығару шешімін қабылдаған.
Ахметжановқа пробациялық бақылау қойылатыны айтылды.
Судья өзінің шешімін Ахметжанов тағайындалған жазаның негізгі бөлігін өтегенін және барлық талап-арыздарды жойғанын айтып түсіндірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786394-kostanajdy-eks-kimi-ahmedbek-ahmetzanov-sartty-trde-bostandykka-sykty/