Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмыстағы жас қызбен әйелінің көзіне шөп салған жігіт жұрттан ақыл сұрады

Опубликовано:

Әйелімен некелескеніне небәрі бір жыл болған Абылай есімді жігіт келіншегінің көзіне шөп салғанын айтты. Ол өз іс-әрекеті үшін күйініп, "әйеліме бұл жағайды айтуым керек пе?" деген сауалға жауап іздеуде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әріптесімен әйелінің көзіне шөп салған жігіт жұрттан кеңес сұрады
Фото: emigrados.ru: UGC

Абылайдың айтуынша ол достары секілді 22 жасында емес, одан саналы жаста отау құрған. Дегенмен бұл жайт оның қателіктерге бой алдыруына еш кедергі болмаған.

Жігіт келіншегімен екі жыл қыз-жігіт болып жүріпті. Осы уақыт аралығында ол өзінің болашақ жарын, сүйіктісін кезіктіргенін сезген. Бір-бірін танып, етене жақын болғанда Зереге тұрмысқа шығуға ұсыныс білдіреді.

"Ол менің көптен күткен жарым, екінші жартым екенін бірден сездім. Ата-анама жақсы келін, маған аяулы жар болатынын да білдім. Шын сүйдім. Ол адал қарым-қатынасқа лайық жан еді", - дейді азамат.

Аяулы жарының көзіне шөп салуға Абылайдың жас әріптесі себеп болған.

"Әйгерімнің жұмыстағы алғашқы күнінен-ақ оған көзім түскен. Сұлу, нәзік, мүсіні келісті қыз кім-кімнің болсын көңілін аудармай қоймайды. Оның да маған өзгеше көзқарасы барын сезіп жүрдім.

Ол өзіне не керек екенін білетін еді. Иә, Әйгерімді келін етіп елестету мүмкін емес болатын. Мансап - міне оның мақсаты.

Күндер зымырап, мен оған қалай ғашық болып қалғанымды білмей қалдым. Оны қайда жүрсем де ойлайтын болдым. Тіпті, әйелімнің қойнында жатсам да, Әйгерімді елестететінмін",- дейді ол.

Көп ұзамай қос ғашық сезімдеріне ерік беріп, сыртта кездесе бастайды. Үлкен қателікке бой алдырғалы жатқанын біле тұра жігіт әріптесінің қойнына құлаған.

"Өзімнің оңбаған екенімді білемін. Бірақ сол сәтте ештеңе істей алмадым. Санам уланып, қолымдағы барымды бағаламай кеттім. Әйелімнің алдында кінәлімін. Бірақ ол оны тіпті сезбейді.

Жасаған ісімді ойлап, өзімді жегідей жеп жүргенімде Әйгерімнің басқа бөлімдегі жігітпен кездесе бастағанын естідім. Мен оның кім екенін сол кезде-ақ түсіндім.

Бір өкінерім, келіншегіме осындай сұрқия үшін опасыздық жасадым. Оның махаббатын сатып кеттім", - деп күйінді азамат.

Абылайдың айтуынша, ол осы бір қателігі үшін қатты өкінеді екен. Әйеліне бар шындықты айтса, оны жоғалтып алуға қорқады.

Ал айтпай, жасырып қалса, өмір бойы өзін-өзі жегідей жейтінін алға тартты. Ер азамат қай жолды таңдарын білмей дал болып, жұрттан ақыл сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786432-zmystagy-zas-kyzben-jelini-kzine-sp-salgan-zigit-zrttan-akyl-srady/

pixel