Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғарышкер болуды армандаған алматылық бала өмір мен өлім арасында жатыр

Опубликовано:

Алматылық 12 жастағы Ансар Нұржанов Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы ауруымен күресуде. Бұл ауру ішкі орган мен бұлшықетті жарақаттап, баланы қозғалыссыз күйге түсіреді. Аурудың соңы жүрек талмасына не өлімге әкеп соғады. Қазірдің өзінде ғарышкер болуды арман еткен жасөспірім әрең жүреді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ғарышкер болуды арман еткен Алматылық жасөспірім өмір мен өлімнің арасында жатыр
Фото: Әсел Нұржановнаның архивінен алынды: Getty Images

Баланың анасы Әсел Нұржанованың айтуынша, Аңсар ешбір аурусыз, ауытқушылықсыз туған. Бірақ кейіннен бассүйекте қысым пайда бола бастаған.

Алайда дәрігерлер ештеңе көре алмапты. Бассүйек қысымы емделгенімен, бала 6-7 жасында өзін шаршаңқы сезінетінін айтып, ұзақ жүре алмай қалған.

Дәрігерлер мұның себебін өтпелі кезең мен мектептегі салмақпен байланыстырады. Алайда көп ұзамай бала шалынып, ақсаңдап жүре бастапты.

Дәрігерлер ұзақ уақыт диагноз қоя алмаған.

"Бәрі анықталған кезде диагноз үкім секілді естілді. Бұлшықет дистрофиясы Дюшеннің х-ілінісі. Кардиомиодистрофия", - дейді Әсел.

Аңсар сабақты жақсы оқып, сурет салғанды ұнатады. Келіншек баласын жалғыз өзі өсіріп келеді. Шетелде емделу үшін қаржыны өз күшімен жинау қолдан келмейді.

Аңсар уақытының көп бөлігінде отырып не төсек тартып жатады. Бірақ бала құрдастарымен футбол ойнай алатынына сенеді.

Қазір жасөспірімді Далян қаласындағы қытайлық «Янь» клиникасында дәрігерлер күтіп отыр. Емделудің құны 30 мың еуроны құрайды.

  • Реквизиттер:

Карта нөмірі – 5169 4931 4533 3582 (Kaspi Gold)

ИИН 860712301374

Эрик Жамиленов (қаржы жинауға көмектесуде)

Карта шотының нөмірі– KZ04914CP39850031246

Карта нөмірі – 4263 4339 9244 8313 (Сбербанк)

Анасы Әсел Нұржанова +7 747 266 8525

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786461-garysker-boludy-armandagan-almatylyk-bala-mir-men-lim-arasynda-zatyr/

pixel