Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жай сәйкестік": ІІМ-нің басшысы Баландин мен Тен көліктерінің айналарының ұрлануы туралы

Опубликовано:

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаев олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин көлігінен айна ұрлануы не себепті тез ашылғандығын және танымал спортшылардың айналары бір ауданда ұрлануына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жай сәйкестік": ІІМ-нің басшысы Баландин мен Тен көліктерінің айналарының ұрлануы туралы
Фото:atpress.kz/instagram.com/dmitriy_balandin: Facebook
"Тек чемпиондардікі емес, таңдалып ұрланбайды. Тағы бір көліктікі ұрланды. Баландин болғандықтан емес. Айтпақшы, қылмысты ашуға екінші көліктің жанында тұрған камера көмектесті", - деді ІІМ-нің басшысы.

Сондай-ақ, ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту керектігін баса айтып өтті.

"Алматы - ең үлкен шаһар. Бұл қылмыскерлер үшін жақсы мүмкіндік. Үлкен қалалардың бәрінде қылмыс жоғары болады, себебі ақша бар, банктер мен базарлар көп. Алаяқтардың бәрі пайда тапқысы келеді. Оқиғаның бір жерде болуы сәйкестік шығар. Бұл қала орталығында жасалып отыр", - деді Ерлан Тұрғымбаев екі спортшының айналарының бір ауданда ұрлануына қатысты.

Министр қалада нарядтар саны көбейтілгенін айтып өтті.

"Сол жерлермен өтсеңдер, әрбір көше қиылысында тұрған нарядты көресіз. Ол жерлерді білеміз, бізде қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы бар", - деп сөзін қортындылады Тұрғымбаев.

Еске сала кетейік, Дмитрий Баландин көлігінің айнасы Денис Тенге шабуыл жасалған жерде ұрланғанын мәлімдеді. Мәнерлеп сырғанаушыға 2018 жылдың шілде айында шабуыл жасалып, алған пышақ жарақатынан спортшы көз жұмған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786503-zaj-sjkestik-iim-ni-bassysy-balandin-men-ten-klikterini-ajnalaryny-rlanuy-turaly/

pixel