Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдан Нұр-Сұлтанға енді жеті мың теңгеге ұшып баруға болады

Опубликовано:

FlyArystan бюджеттік әуе компаниясы Алматы-Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы рейсін ашты. Енді қазақстандықтар оңтүстік астана мен елорда арасында 7 мың теңгеге әуе көлігімен қатынайтын болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: iStock
Көрнекі фото: iStock: Facebook

Бұл туралы әуе компаниясының Instagram желісіндегі парақшасында хабарланды.

"Енді астанамызға ұшып келу бұрынғыдан да қолжетімді – жайлы, тез, әрі арзан! Біржақты билет құны небәрі 6 999 теңгеден басталады. Күніне екі рет орындалатын тұрақты рейстер заманауи Airbus А320 ұшақтарымен 1 мамырдан бастап орындалады", - делінген жазбада.

Еске сала кетейік, бұған дейін FlyArystan әуе компаниясы Тараз бен Алматы арасында құны бес мың теңгеден, Орал мен Алматы бағытында 12 999 теңгеден басталатын рейстердің ашылғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786586-almatydan-nr-sltanga-endi-zeti-my-tegege-syp-baruga-bolady/

pixel