Бүгін Қазақстанның Әскери-теңіз күштеріне – 26 жыл
Опубликовано:
Бүгін Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы Қарулы Күштерінің тарихындағы айтулы күн, яғни 26 жылдықтарын атап өтуде.
![Әскери-теңіз күштеріне – 26 жыл Әскери-теңіз күштеріне – 26 жыл](https://cdn.nur.kz/images/1120/f36df0f5674846cb.jpeg)
Тура 26 жыл бұрын ҚР Президентінің Жарлығымен 1993 жылғы 2 сәуірде Қарулы Күштердің жекелеген түрі – Әскери-теңіз күштері құрылды. Каспий өңірі Қазақстанның экономикасы үшін маңызды мәнге ие.
![Әскери-теңіз күштеріне – 26 жыл Әскери-теңіз күштеріне – 26 жыл](https://cdn.nur.kz/images/1120/3620da6e1e9122e5.jpeg)
Оның қорғанысын қамтамасыз ету мақсатында елімізде қазіргі заманғы Әскери-теңіз күштерін құру қажеттілігі туындады. Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы мемлекеттік шекараның, аумақтық тұтастықтың, тәуелсіздіктің, экономикалық мүдделердің қол сұғылмауын қорғау ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің басты міндеті.
![Әскери-теңіз күштеріне – 26 жыл Әскери-теңіз күштеріне – 26 жыл](https://cdn.nur.kz/images/1120/c343f5f31a517b41.jpeg)
Мемлекетіміздің тәуелсіздігі жылдарында Әскери-теңіз күштері қажетті тәжірибе жинақтап, мемлекетіміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде өзінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін жетілдіруді жалғастыруда.
Бүгінде Әскери-теңіз күштері Каспий маңындағы елдер арасында күштерді орналастыруда айрықша орынға ие екенін және Каспий өңіріндегі тұрақтылықтың кепілі болып табылатынын сеніммен айтуға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786594-bgin-kazakstanny-skeri-teiz-ksterine-26-zyl/