Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1,5 млн доллар: Қорғаста кәсіпкерлердің заңсыз тауар тасығаны анықталды

Опубликовано:

Қорғас кеден бекетінде кәсіпкерлер 1,5 миллион доллардың тауарын заңсыз алып өтпек болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Алтынкөл" кеден бекеті баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

1,5 млн доллар: Қорғаста заңсыз тауар тасыған кәсіпкерлер ұсталды
Фото: "Алтынкөл" кеден бекеті баспасөз қызметі: Facebook

Контрабандалық тауарлар кедендік темір жол бекетінде тұрған 5 вагон мен 14 контейнерді тексеру кезінде анықталған.

Нақты құны 1,549 мың долларға бағаланған тауарлар құжаттық декларацияда мүлдем көрсетілмепті. Контрабандалық тауарлардың ішінде Қазақстан аумағына әкелуге мүлдем тиым салынған заттар да шыққан. 

Ұлттық валютамен есептегенде құны 585,4 миллион теңге тұратын тауарлар қазақстандық үш компанияға тиесілі екені анықталды. 

"Тәркіленген тауарлардың салмағы 300 тоннадан асып кеткен. Мемлекетке кедендік салық ретінде төленбеген шығын 142,78 миллион теңге жетті. Аталған іске қатысты Алматы облыстық МКД тергеу қызметі қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр", - деді "Алтынкөл" кеден бекетінің бас маманы Бекен Нұрахметов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786838-15-mln-dollar-korgasta-ksipkerlerdi-zasyz-tauar-tasygany-anyktaldy/

pixel