RU

Нұр-Сұлтанда ішімдік өнімдерін сатуды шектеу туралы ұсыныс жасалды

Нұр-Сұлтандағы түнгі клубтар мен караоке-барларда, мейрамханаларда сағат 23.00-ден 8.00-ге дейінгі аралықта ішімдік сатуға тыйым салу ұсынылды. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен елордадағы ойын-сауық және тамақтану орындарындағы санитарлық норма мен қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі отырыста айтылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

jejejejje
Көрнекі фото: e-finland.ru: Twitter

Полиция полковнигі Бақытжан Малыбаевтың мәліметінше, Нұр-Сұлтанда караоке-бар, түнгі клуб сияқты мыңнан аса ойын-сауық орындары жұмыс істейді екен. Ал көктем-жаз мезгілдерінде көшедегі сыраханалар қосылып, олардың саны тіптен арта түседі.

Ал жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғосман Жакиннің айтуынша, жыл басынан бері бас қаладағы ойын-сауық орындарынан Ішкі істер органдарына 3500-ден аса шақырту түскен.

Онымен қоса, кейбір караоке-барларда мемлекеттік лицензиясы бар күзет қызметі де қарастырылмаған. Соның салдарынан айналасы қоқысқа толып, тәртіп бұзу да жиі болады.

Сондай-ақ, мамандар көп қабатты тұрғын үйдің төменгі қабатында орналасқан кейбір ойын-сауық орындары тиісті заңдылықты сақтамай, тұрғындардың тыныштығын бұзатынын айтады.

Бұл тұрғыда Ғосман Жакин қоғамдық тәртіп бұзуды азайтып, қылмыстың алдын алу үшін алдағы уақытта түнгі клубтар мен караоке-барларда, мейрамханаларда түнгі сағат 23.00-ден ертеңгі күнгі сағат 8.00-ге дейінгі аралықта алкаголь өнімдерін сатуды белгілі бір мөлшерде тыюды ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1787104-nr-sltanda-isimdik-nimderin-satudy-sekteu-turaly-synys-zasaldy/