Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айласын асырмақ болған шымкенттік азамат өз жерлесін тақырға отырғызды

Опубликовано:

Өз бетінше көлігінің нөмірін өзгерткен Шымкент тұрғыны бірнеше рет жол ережесін бұзып, бақылау камерасына түскен. Оның айыппұлдары жерлесіне келіп отырыпты. Заңға қайшы әрекет жасаған ер азаматты Нұр-Сұлтанда тәртіп сақшылары құрықтады деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: instagram.com/police_nur_sultan
Видеодан кадр: instagram.com/police_nur_sultan: Depositphotos

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың блогына шағымын айтқан Шымкент тұрғыны 2018 жылдан бастап 2019 жылдың сәуіріне дейін өз көлігіне астанадан айыппұлдар келе бастағанын жеткізген.

Тәртіп сақшылары тексеру барысында жалған көлік нөмірімен жүрген жүргізушіні тапты.

Ол тіркеу нөміріндегі "F" деген әріптің төмен жағына қара жапсырма жапсырып, оны "Е" етіп өзгерткен болып шықты", - деп мәлімдеді полиция.

Оның көлігі уақытша коммуналдық тұраққа жеткізілді.

Заңға қайшы әрекет жасаған жүргізушіге қатысты 590 баптың 4 бөлігі бойынша іс қозғалып, оған 20 АЕК көлемінде айыппұл немесе жүргізуші куәлігінен бір жылға айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1787243-ajlasyn-asyrmak-bolgan-symkenttik-azamat-z-zerlesin-takyrga-otyrgyzdy/

pixel