Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2 млн теңге: 19 жастағы алматылық ару пәктігін сатылымға шығарды

Жарияланған күні:

19 жастағы қазақ қызы Айнұр Жәнібекова өзінің қыздық пердесін сатылымға шығарды. Өзінің пәктігін 2 млн теңгеге бағалаған бойжеткен "7" арнаның "Өз ойым" бағдарламасында бар шындығын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айнұр Жәнібекова. Фото: "Өз ойым" бағдарламасынан
Айнұр Жәнібекова. Фото: "Өз ойым" бағдарламасынан: Instagram

Айнұрдың айтуынша, ол желідегі парақшасына пәктігін сататыны жайлы жазба қалдырған.

Бойжеткен сатып алушының түрінің маңызды емес екендігін және оның жас мөлшері 25 пен 60 жас аралығында болу керектігін де жазған.

"Халықтың ойынша, бұл миға сыймайтын дүние. Мен сіздерге айтайын. Барлықтарыңызға қыздық сату жат көрініп, ұят санап отырсыздар. Бірақ мұндай дүние біздің қоғамда бар.

Менің құрбым өзінің пәктігін 2 млн теңгеге сатты. Басында маған "Сатайын. Қалай ойлайсың?" деген болатын. Біз содан кейін араласпай кеттік. Одан кейін ол қыздық пердені тіктіріп алды. Ал қалғаны қалтасында қалды.

Осы тірлікті басқа қыздарға айтқаннан кейін, қызығады ғой. Мен де "Қалай болады екен?" деп ойланып көрдім. Мен қазіргі заманда пәктікті маңызды деп көрмеймін", - дейді алматылық ару.

Сондай-ақ, 19 жастағы ару өзінің жазбасын жариялағаннан кейін, өзіне 60-қа жуық азаматтың хат жолдағанын жеткізді.

"Басында 1 млн теңге деп жазғанмын. Сұраныс болғасын мен 2 млн-ге өсірдім. Сұраныс болса, мен тағы қоса берем...

Мен қазір ақылы бөлімде оқимын. Оқуымды жабу маған кішкене қиындау. Қыздардың бәрі тегін беріп жатса, мен тегін бергім келмейді.

Ақша тауып, мүмкін сол ақшаның қалғанына тіктіріп алсам деген ойым болған. Сосын салон ашқым келген. Бұл жайында анам біледі. Ол кісі мені әрдайым қолдайды. Әзірге тұрмысқа шығатын ойым жоқ", - дейді қазақ қызы.

Айнұр Жәнібекова бағдарлама барысында жалғыз анасының бар екенін де айтты.

"Анам бар. Отбасында жалғыз қызбын. Әкем жоқ. Ол кісіні кішкентай кезімнен білмеймін. Ажырасқан. Анамыз екеуміз сырласамыз. Мен ішімдегінің барлығын анама айта беремін. Анам есепші болып жұмыс істейді.
Алматыдағы университетте оқимын. Мен өзі филолог мамандығын оқып жатырмын. Жақсы тіл маманы болып шықсам деген арманым бар. Алакөлден Алматыға келіп, оқып жатырмын", - деді бойжеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1787256-2-mln-tege-19-zastagy-almatylyk-aru-pktigin-satylymga-sygardy/