Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда "өлтірілген" полицейлердің видеосы желіде таралуда

Опубликовано:

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Нұр-Сұлтанда "өлтірілген-міш" полицейлер жайлы видео жылдам таралуда деп хабарлайды Елорда Инфо сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Желіде Нұр-Сұлтанда "өлтірілген" полицейлердің видеосы тарауда
Видеодан скриншот: Facebook

Видеоның астындағы сипаттамада оқиға төртінші сәуір күні, елордалық ломбардтардың бірін тонау кезінде орын алған деп жазылған.

Полицейлердің хабарлауынша, кеше шынымен ломбардтың бірі тоналған. Түс уақытында белгісіз біреу ломбардқа кіріп, қызметкерін қаруға ұқсайтын затпен қорқытып, ақша алып, ізін суытқан.

Күдікті ешкімді тұтқынға алмаған, ломбардты тонау кезінде ешкім зардап шекпеген.

Полиция департаментіндегілер таратылып жатқан видео екі жыл бұрын түсірілгенін мәлімдеді.

"Бұл фильм көрінісінен үзінді. Оны түсірілім тобы түсірген. Видео кадрлардан "Жол-патрульдік полиция" деген жазуды көруге болады, ал қазір жол полициясы бізде "патрульдік полиция" деп аталады. Бұл ескі видео", - деп мәлімдеді полицейлер.

Жалған видеоны таратқан адамдар бес жылға бас бостандықтарынан айырылулары мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1787310-nr-sltanda-ltirilgen-policejlerdi-videosy-zelide-taraluda/

pixel