Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әскери жігіт алып қашқан ару алғашқы махаббатын сағынып жүр

Опубликовано:

Тұрмыс құрғанына сегіз жыл болған арудың бүгінде үш баласы бар. Студент кезінде төрт жыл бойы жақсы көретін жігітімен кездесіп жүрген қызды әскери қызметкер алып қашқан. Содан бері бойжеткеннің өмірі өз мәнін жоғалтқан деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: samoraskrytie.ru
Көрнекі фото: samoraskrytie.ru: Twitter
"Бір-бірімізді қатты жақсы көрдік, ата-анамызды да танитынбыз. Уақыт өте ол басқа қалаға жұмысқа кетті, сол кезде мені өзім танитын жігіт алып қашты. Жыладым, көнбедім, жігітіме хабарласып, алып кет деп  айттым. Ол тура сол түні жолға шыға алмайтынын айтты", -деді бойжеткен.

Осылайша, басына орамал салынған қыз бір үйдің келіні атанады.

Күйеуім өте ызақор, ашушаң, өзі әскери адам,  қыз құмар, онымен қоймай маған жұмыс істетпейді. Әбден шаршап кеттім, күнде бір тірлік. Сол баяғы жігітімді, алғашқы махаббатымды əлі де сағынамын. Тұрмыс құрғалы əлі кездеспегенбіз. Көріп қалсам, қандай күйде болар екенмін. Ол жігіт жақында үйленді деп естідім, бір қызы бар екен. Өмірдегі бар бақытты, жақсылықты тілеймін. Өзіме келсем, бала-шағам үшін өмір сүріп жүрмін", -дейді ол.

Әбден ашынған ару жұрттан ақыл-кеңес сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1787339-skeri-zigit-alyp-kaskan-aru-algasky-mahabbatyn-sagynyp-zr/

pixel