RU

Ақтау тұрғындарының зәресін алған белгісіз жәндіктің не екені белгілі болды

Ақтау тұрғындарының зәресін алған белгісіз жәндік дала шегірткесі болып шықты деп хабарлайды Lada.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Белгісіз жәндік. Фото: Лада. Ақтау. Фото: triplook.me
Белгісіз жәндік. Фото: Лада. Ақтау. Фото: triplook.me: Facebook

Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжау әдістемелік орталығының Маңғыстау облысы бойынша басшысы Ералы Ермековтің айтуынша, шегірткенің бұл түрінің ересектері лимон түстес сары-жасыл, жалғыз жүретіндері шөпке ұқсас жасыл, ал жастауы қызғылт-қоңыр түсті болады.

"Еркектері 5-5,5 сантиметрге дейін өседі, ал ұрғашылары 6 сантиметрден асып түседі. Шегірткенің жынысын кеудесіндегі төмпешікке немесе қанатына қарап ажыратуға болады. Олардың адамға ешқандай зияны жоқ", - деді ол.

Еске сала кетсек, Ақтау қаласының тұрғындары бұрын-соңды көрмеген тіршілік иесін суретке түсіріп алып, қажетті ақпарат алу мақсатында көптің көмегіне жүгінген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1787457-aktau-trgyndaryny-zresin-algan-belgisiz-zndikti-ne-ekeni-belgili-boldy/