Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аңдып жүрген: Атыраулық қаскөй көшеде әйелге пышақпен шабуылдады

Опубликовано:

Атырау көше ортасында әйел адамға шабуылдау сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Атырауда пышақпен қаруланған қылмыскер әйел адамды шабуылдаған
Фото: amp.beta.dev.kp.by: UGC

Бейнежазба әлеуметтік желіге тарап кетті. Кадрда ер адамның жәбірленушіні аңдып, артынша пышақпен кеуде тұсына соққы жасап, ізін суытқаны көрінеді.

Зардап шегуші әйел медициналық мекемеге жеткізіліп, ота жасалған. Дәрігерлер жәбірленушінің жағдайын ауыр деп бағалауда.

Қазіргі таңда күдікті құрықталды. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, тергеу амалдары жүргізілуде.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 201 бабы бойынша өзге ақпарат жария етілмейді", - деп қорытындылады полиция.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1787489-adyp-zrgen-atyraulyk-kaskj-ksede-jelge-pysakpen-sabuyldady/

pixel