jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Жабық тақырып: Отандық уролог мастурбация туралы ашып айтты

    : Facebook

    Қазіргі қоғамда талқыға салынбайтын, жасырын қозғалатын мәселелердің бірі-мастурбация. АҚШ ғалымдарының зерттеуі бойынша, әйелдердің 89 пайызы жасырын әдетпен айналысады екен. Ендеше, еркектің немесе әйелдің өз-өзін қанағаттандыруы денсаулыққа зиян ба? Бұл сұраққа "Жабық тақырып" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жауап береді.

    Фото: Видеодан кадр/ Жабық тақырып
    Фото: Видеодан кадр/ Жабық тақырып: Facebook

    Уролог-андролог Арман Есенұлының айтуынша, мастурбацияның денсаулыққа еш зияны жоқ. Керісінше, ол көптеген аурулардың алдын алады. Нақтырақ айтқанда, өз-өзін қанағаттандыру ер азаматтарда простат іркілісін болдырмайды екен.

    "Жиі кездесетін мастурбация - балалық шақта. 15-16-17 жаста адамның гормональді фоны ойнап тұрған кезде шығару керек. Ол қыз болсын, жігіт болсын, бірінші кезекте өзінің сезімтал нүктелерін байқайды. Мастурбация жас жігіттерде көп кездеседі, ал үйленген соң бәсеңдейді", -дейді ол.

    Бұл мәселеге қатысты пікір білдірген отбасылық психолог Серікгүл Сали мастурбацияны баланың әдетіне теңеп отыр.

    "Психология тілімен алғанда баланың ісі деп айтамыз. Өсіп келе жатқан кезде бәрі осы әрекетті жасайды. Ал кейін әйелімен, ерімен жақындасып, тұрақты жақындасқаннан кейін бұл әдет қалу керек. Әркім мастурбацияны мен ғана жасайтын шығармын деп ойлауы мүмкін. Бірақ, бұл әдетті көпшілігі жасайды.
    Егер адамның тұрақты кездесетін адамы болса, психологиялық тұрғыда зияны жоқ. Ал тұрақты кездесетін адамы жоқ болса, психологиялық жағынан зияны бар. Бірақ, бұл ешқандай ауытқушылық емес. Ұлдардың психо-сексуалды жетілуіне мастурбация көмектеседі. ",- дейді маман.

    Жабық тақырып: Отандық уролог мастурбация туралы ашып айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.