Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда қоқыс контейнерінің жанынан он айлық сәби табылды

Опубликовано:

Атырауда қоқыс контейнері жанынан он айлық сәби табылды. Нәрестені көріп қалған тұрғындар тиісті орындарға хабарлаған деп жазады КТК арнасы.

Фото: poltava.to сайтынан алынды. Авторы: Ян Пругло
Фото: poltava.to сайтынан алынды. Авторы: Ян Пругло: Depositphotos

Полицейлердің мәліметінше, қоқыс контейнерінен табылған сәбиден ешкім бас тартпаған.

Анасы ұлын азаматтық некедегі күйеуіне қарай тұруға тастап, өзі шығып кеткен екен. Бірақ, ішімдік ішіп алған азамат 10 айлық баланы баға алмай, оны "Сарыарқа" ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің жанындағы қоқыс контейнерінің қасына қалдырып, өзі жөніне кетіпті.

Кейін тәртіп сақшылары сәбиді анасына тапсырған. Алайда кәмелетке толмаған баласына қарамай, міндетін дұрыс атқармаған ата-анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Дәрігерлердің бақылауынан кейін бала өзінің отбасына тапсырылды. Қазір отбасында дін аман. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 140 бабының 2-ші бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде", - дейді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Назымгүл Қайсағалиева.

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1787932-atyrauda-kokys-kontejnerini-zanynan-on-ajlyk-sbi-tabyldy/

pixel