Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғыз мүфтияты тек сұлулық үшін жасалатын отаны күнә деп тапты

Опубликовано:

Қырғызстанның мұсылмандар діни басқармасының ғалымдар кеңесі 5 сәуірде үш пәтуа шығарды. Олар желілік маркетинг, пластикалық операциялар мен вакцинацияға қатысты деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Көрнекі фото: medweb.ru
Көрнекі фото: medweb.ru: Depositphotos

Муфтият сайтындағы ақпаратқа сәйкес, №5 пәтуа желілік маркетингпен айналысуға тыйым салады, себебі ол шариғат нормаларына қайшы.

Сондай-ақ, №6 пәтуада "денсаулыққа қатысы жоқ пластикалық операциялар жасау күнә екені" айтылған.

"Туғаннан бар немесе түрлі оқиғалардың салдарынан пайда болған дене кемістіктерін түзеу мақсатында жасалатын операцияларға шариғат рұқсат береді. Бірақ негізсіз тек сұлулық үшін жасалған операциялар күнә болып саналады", - делінген мүфтият сайтында жарияланған пәтуада.

Ал №8 пәтуада вакцинация мәселесін әрбір адамның өзі шешсін деп жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1787937-kyrgyz-mftiaty-tek-slulyk-sin-zasalatyn-otany-kn-dep-tapty/

pixel