Өзбек азаматы шекарадан 200 млн теңгелік киік мүйізін алып өтпек болған (фото, видео)
Опубликовано:
Орал шекара отрядының "Сырам авто" шекара қызметі бөлімінің қызметкерлері 200 млн теңге көлемінде киік мүйізінің контрабандасын ұстады деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шекарашылар мүйіздерді Ресей Федерациясына алып өтпек болған 49 жастағы өзбекстандық азаматты ұстады.
Ол "Орал-Самара" автобусының жолаушысы болған. Азамат өзімен бірге чемодан алып жүрген.

Жолсандықтың ішінен 148 киік мүйізі табылған. Заңсыз жүк айналымының құны шамамен 196 950 000 теңгені құрайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1787987-zbek-azamaty-sekaradan-200-mln-tegelik-kiik-mjizin-alyp-tpek-bolgan-foto-video/