Алматыда жылу магистралі жарылды: Оқиға орнында не болып жатыр? (фото)
Опубликовано:
Алматыда Төле би мен Пушкин көшелері аумағында жылыту магистралі жарылды. Төтенше жағдай орын алған жерде не болып жатқанын KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Жылыту магистралі бүгін таң сәріде жарылды. ТЖ нәтижесінде жақын маңда тұрған үйлерге су тарап, көліктер бүлініп, адамдар жапа шекті.

Жуырда жарияланған роликтерден күшті қысыммен атқылаған суды көқруге болады.

"Ұйықтап жаттық. Сосын қатты дыбыс естідік. Тастар құлай бастады. Көлік және үй терезелері шағылды. Дабыл жүйесі іске қосылды. Сыртқа қарасақ, судың атқылап жатқанын көрдік", - деді куәгерлердің бірі Zakon.kz порталына.

Қазір оқиға орнында коммуналды қызметтер жұмыс істеуде. Олар ТЖ салдарын жоюда. Болжам бойынша жұмыстар 16:00 таман аяқталады.

Алдын ала ақпарат бойынша, төтенше жағдай құбырдың тозуы салдарынан болған.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жапа шеккендердің барлығына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1788017-almatyda-zylu-magistrali-zaryldy-okiga-ornynda-ne-bolyp-zatyr-foto/