Қазақстандықтардың жалақысы 1 маусымнан бастап көтеріледі
Опубликовано:
Мәжіліс депутаттары 2019-2021 жылдарға арналған үш жылдық бюджетке түзетулер қабылдады. Құжат азаматтық және мемлекеттік қызметкерлердің жекелеген санаттарына жалақыны арттыруды 1 шілдеден 1 маусымға ауыстыру мәселелесін қарастырады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Осы мақсаттарға арналған республикалық бюджеттің шығындарын 38 млрд теңгеге ұлғайту ұсынылып отыр.
Олардың 37 млрд теңгесі азаматтардың жекелеген санаттары үшін (жалақысы төмен қызметкерлер) 1 маусымнан бастап жалақыны арттыруға бөлінді. Қалған 1 млрд теңге жаңа мемлекеттік орган – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін құруға бағытталмақ.
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 шілдеден бастап бюджеттік саладағы жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын 30% - ға арттыруды тапсырған.
Құжат мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1788030-kazakstandyktardy-zalakysy-1-mausymnan-bastap-kteriledi/