Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туғандарымен 15 жылдан соң қауышқан мүгедек жігіт сырын ақтарды (фото)

Опубликовано:

Қостанайлық Вадим Курьеров туғанынан туа бітті сал ауруына шалдығып, балалар үйінде тәрбиеленген. Тағдырдың сан қилы ауыртпалығына қарамастан, 37 жастағы азамат өмірде өз жолын тауып, басты арманы – баспанаға қол жеткізсем дейді. Қайсар жігіттің жан сырын KAZ.NUR.KZ тілшісі тыңдап қайтты.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: Twitter

Тағдырдың тәлкегімен сәби күнінде балалар үйіне тапсырылған ол кейін 4 жасында мүгедектер мен ақыл-есі кем жандарға арналған интернатқа ауыстырылған.

"Мені ол жаққа не себепті ауыстырғанын да білмеймін, себебі мен ол кезде тым кішкентай едім. Интернатта басқа өмірді бастадым десек өтірік айтпаспын.

Қызметкерлердің қатал тәртібін де, барлығын көрдік. Бәрінен бұрын қатарластарыма ата-аналары келгенде, қатты қиналатынмын.

Шыны керек, ананың махаббатына зәру болып өстім. 1998 жылы мені анамның жақыны көріп қалыпты. Ол сырт келбетімнен менің анама қатты ұқсайтынымды көріп, менің тегімді сұраған екен.

Сөйтсем ол кісі анамның құрбысы болған екен. Сол құрбысынан, өкінішке орай, анамның қайтыс болғанын білдім", - деп еске алды кейіпкер.

Вадим дегенінен қайтпай, туған-туыстарын іздеуді одан ары жалғастырған.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Instagram
"Бірде теледидар көріп отырып, "Жди меня" бағдарламасын көрдім.
Сол бағдарлама арқылы мен он бес жылдан кейін туған ата-әжеммен қауыштым. Ол кісілер алғаш рет интернатқа келген кезде, балаша қуанғаным әлі есімде. Қатты құшақтап, қуанғанымнан өксіп жылай беріппін. Ата-әжемді ешқайда жібергім келмеді.

Әлі күнге дейін ата-әжемді қастерлеп, қатты сыйлаймын. Бірақ ол кісілер ауылда тұратындықтан, ал жер үйде мен сияқты мүмкіндігі шектеулі жандарға тұру қиын болатынын бәрі біледі.

Сөйтіп елордаға келіп қалдым. Қазір мен осындағы мемлекеттік мекемелердің бірінде компьютер маманы болып жұмыс істеймін", - деп әңгімесін жалғастырды жарымжан азамат.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Instagram

Вадим Курьеровтің ендігі арманы – баспаналы болу. Жасы отызды еңсерген ер азамат осы мақсатына жету үшін елордадағы белді құрылыс компанияларының басшыларымен де тілдесіп көріпті.

"Ондай компаниялардан да "көмектесе алмаймыз" деген жауап алдым. Сөйтіп қазір кезекке тұрып, пәтер алмақпын. Бірақ өкінішке орай "прописка»"болмай тұр.

Шындығында 2015 жылы болған, бірақ екі жылдан кейін пәтер иелері маған айтпай, пропискадан шығарап жіберген екен.

Соған қарамастан, былтыр тағы тіркелімге тұрдым. Алайда пәтер иесі ол үйді де сатқалы жатыр.

Осылайша тағы да үй-күйсіз далада қалмақпын. Сол себепті менің басты арманым – баспаналы болу.

Егер баспанам болса, болашағыма да сеніммен қарай аламын деген ойдамын. Қазір еліміздегі ауқатты жандардан, меценаттар мен қарапайым қазақстандықтардан көмек сұрауға мәжбүрмін.
Қол-аяғым сау болса, барлық мақсатыма жететін едім. Әттең...Бірақ тағдырдың жазғаныма мойымаймын, бәрі бір Құдайдың қолында", - дейді Вадим.

Вадим Куръровке көмек қолын созамын дейтіндер келесі телефон нөміріне хабарласып, карта номеріне ақша аудара алады:

  • Телефон номері: +77789998360 - Курьеров Вадим Викторович
  • HALYK BANK: 4390 8722 0890 9129
  • KASPI BANK: 5169 4931 7313 3961

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1788379-tugandarymen-15-zyldan-so-kauyskan-mgedek-zigit-syryn-aktardy-foto/

pixel