Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында күн жылымақ
Опубликовано:
Сенбі күні еліміздің бас қалалары күн анағұрлым жылымақ. Алматы мен Нұр-Сұлтан тұрғындары үшін 13 сәуірге арналған ауа райының болжамын Gismeteo.kz cайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, елордада ауа райы 20 градусқа дейін жылымақ. Сағат таңғы тоғыздың өзінде Нұр-Сұлтанда 10 градус жылуды көрсетеді. Ал түстен кейін күн одан бетер ыси түспек.
Кешкі уақытта да жауын-шашынсыз, жылы ауа райы күтілуде.
Алматылықтар үшін сенбі күні ауа температурасы 18 градусқа дейін жылымақ. Оңтүстік астанада да күні бойы жауын-шашын болмайды. Жылы ауа райы кешкі уақытқа дейін сақт алып тұрмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1788673-almaty-men-nr-sltan-kalalarynda-kn-zylymak/