Тоқаевтың ескертуінен соң Ақтаудағы билбордтар өзгертілді (фото)
Опубликовано:
Ақтауда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың суретімен жасалған билбордтар мемлекет басшысының сын-ескертпесінен кейін өзгертілді деп хабарлайды Lada.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
![Тоқаевтың ескертуінен соң Ақтаудағы билбордтар өзгертілді (фото) Тоқаевтың ескертуінен соң Ақтаудағы билбордтар өзгертілді (фото)](https://cdn.nur.kz/images/1120/d4ec45f5161d9cd9.jpeg)
Естеріңізде болса, Тоқаев Маңғыстау облысына жасаған сапары кезінде өзінің суреттері қойылған билбордтарды "құр ақша шашауға" теңеп, "мұндай насихатты керек етпейтінін" айтып, шенеуніктерге ескерту жасаған болатын.
![Тоқаевтың ескертуінен соң Ақтаудағы билбордтар өзгертілді (фото) Тоқаевтың ескертуінен соң Ақтаудағы билбордтар өзгертілді (фото)](https://cdn.nur.kz/images/1120/92d14dde9ad66755.jpeg)
Оның айтуынша, осы сынды жарнамаға кеткен қаражатты қоғамдық қажеттіліктерге жарату керек.
![Тоқаевтың ескертуінен соң Ақтаудағы билбордтар өзгертілді (фото) Тоқаевтың ескертуінен соң Ақтаудағы билбордтар өзгертілді (фото)](https://cdn.nur.kz/images/1120/9a5f477c84c90ada.jpeg)
Сонымен бірге, мемлекет басшысы әкімдерге көшедегі стендтер мен билбордтарды Тұңғыш президенке арнауға болатыны жөнінде кеңес берген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1788738-tokaevty-eskertuinen-so-aktaudagy-bilbordtar-zgertildi-foto/