Көкшетауда сәуірдің ортасында қар жауды
Опубликовано:
Ақмола облысында сәуір айының ортасында қар жауды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![Видеодан кадр Видеодан кадр](https://cdn.nur.kz/images/1120/b832baff3bd1d9a5.jpeg)
Бүгін, 15 сәуірде Көкшетау қаласында қар жауды. Қар тазалау қызметкерлері жұмысты бастап кетті.
Бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында аймақ басшысының орынбасары Марат Игали жазды.
Синоптиктердің сөзінше, қазіргі уақытта қалада ауа температурасы 2 градустан нөлден төмен екен.
Мамандар күндіз 6 градусқа дейін көтерілуі ықтимал екенін де айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1788848-kksetauda-suirdi-ortasynda-kar-zaudy/