"Барар жерім жоқ": Ақтөбелік келіншек тоғыз айлық сәбиімен вокзалда түнеп жүр
Опубликовано:
Ақтөбеде 33 жастағы Динара Шайжанова есімді келіншек вокзалда көмек сұрап жүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жалғызбасты ананың жанайқайы Instagram-дағы ekaterina5178 парақшасында жарияланған.
Келіншектің айтуынша, түнді бір жасқа толмаған баласымен вокзалда өткізген.
"Жолдасым жоқ. Осыған дейін баланың жәрдемақысымен пәтер жалдап тұрдым. Пәтер ақысын төлей алмаған соң мені шығарып жіберді. Енді барар жерім жоқ. Ата-анам қайтыс болған, туысқандарыммен араласпаймын. Кеше баламмен вокзалға түнеп шықтым", - дейді Динара Шайжанова.
Баланы өзі үшін туып алғанын айтқан келіншек босанғанын баланың әкесіне де айтпаған.
"Баламның әкесі отбасылы адам. Ол менің босанғанымды білмейді. Осыған дейін кафеде жұмыс істеген болатынмын", - деді келіншек.
Динараның жағдайынан хабардар болған, тиісті мекемелер оған көмек көрсетуге уәде етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1788911-aktbede-zaska-tolmagan-balasy-bar-kelinsek-vokzalda-tnep-zr/