jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Риза Шайқақ
Риза Шайқақ
Бұрынғы қызметкер

Отандық журналист Ирина Бекетованың қатты соққыдан көз жұмғаны белгілі болды

: UGC

Журналист Ирина Бекетованың өліміне қатысты кезекті процесс бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Сарыарқа аудандық сотында жалғасты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандық журналист Ирина Бекетованың қатты соққыдан көз жұмғаны белгілі болды
Ирина Бекетова. Фото: facebook.com/ira.beketova: UGC

Сот-медициналық сараптама қорытындысы Ирина Бекетованың мойын және қабырға сүйектері сынғанын растады.

Бұл туралы тілшілерге жәбірленуші тараптың қорғаушысы Бауыржан Азанов хабарлады.

Адвокат осыған дейін сот соққы мен журналист өлімі арасында байланыс бар-жоғын анықтау керек деп тапқанын айтты.

Азановтың сөзінше, айыпталушы Анатолий Хусейновтың соққысы боксшының кәсіби соққысынан кем емес көрінеді. Соққы алған журналист 15 минутқа жетпей көз жұмған.

Эксгумация қорытындысы Иринаның қабырғалары сынғанын да дәлелдеп отыр.

Ирина Бекетованың қорғаушысы бұл істі Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлімінен 96-баптың 1 бөліміне ауыстыруды талап етеді.

Сот отырысы ертең жалғасады. Судья жаңа айыптау қорытындысымен таныстыру керек. Сонымен бірге, Ирина Бекетованың бауыры сотқа айыпталушыдан материалдық-моральдық шығын өндіру жөнінде талап арыз қалдырды.

Айта кетерлігі, марқұм журналистің артында төрт баласы қалды. Олар нағашыларының тәрбиесінде.

Иринаны былтыр азаматтық некедегі жары Анатолий Хусейнов подъезде ұрған болатын.

Отандық журналист Ирина Бекетованың қатты соққыдан көз жұмғаны белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.