Күйеуіне бір күн бойдақ болуға келісім берген келіншек отбасын сақтап қалған
Жарияланған күні:
Алматылық Саяра есімді келіншек соңғы күндері жұбайымен үнемі сөзге келіп қала беретінін айтып, мұңын шақты. Отбасын жоғалтып алуға қорыққан ол күйеуіне бір күн еркіндік берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Келіншектің айтуынша, ол күйеуімен жиі ұрсысып қалады екен. Мұның себебін ол жұбайының жұмысбастылығымен байланыстыратынын айтады.
Бірнеше ай бұрын тұңғышын босанған әйел күйеуін қызметтестерінен де қызғанатынын жасырмады.
"Жұбайым жұмыста жиі қалып қоятынды шығарды. Оны ойлап тағы ішімді қызғаныш сезімі өртеді. Сүйіктімді жоғалтып алуға қорықтым. Бірақ бұлай жалғаса берсе мен тек өзімнің жағдайымды қиындататынымды түсіндім. Қорқынышпен өмір сүруден шаршадым. Сол себепті күйеуіме еркіндік беріп көруді ойладым", - дейді кейіпкер.
"Күйеуімді жоғалтып аламын" деген қорқынышпен өмір сүрген келіншек бір күн бойы жұбайын іздемей, өзіне көңіл бөлуді жөн көрген.
Әйел адам кешке құрбыларымен кездесетінін айтып, күйеуіне де достарымен қыдырып келуге кеңес береді.
Алайда отағасы жұбайының өзінен суып кетпеуі үшін ауруды сылтауратып, үйіне қайтып келген.
"Сол күні баламды анама апарып тастап, кешкі кездесуге дайындала бастадым. Барымды киіп, боянып, үйден шыға бергенім сол еді, күйеуім есіктен кіріп келді. Айтуынша өзін нашар сезініп, үйге ерте келіпті. Менің кездесуге бармай-ақ қойғанымды өтінді. Ауру жұбайын тастап қыдыруға кететін әйелдердің қатарынан емеспін. Сондықтан жанында қалдым. Киімімді ауыстырғаным сол еді жұбайым ауруынан құлан таза айығып, көңілі шайдай ашыла кетті", - дейді кейіпкеріміз.
Сол түні бұрыннан бері сырласпаған күйеуі Саяраға жан-сырын ақтарған екен.
"Ол менен соңғы кездегі қылықтары үшін кешірім сұрап, енді отбасына көбірек көңіл бөлуге тырысатынын айтты. Осы күн маған бір нәрсені түсінуге мүмкіндік берді. Жұбайыңмен дос, сырлас болуды ұмытпаған жөн. Жұмыстан шаршап келсе, жағадан алып, жанжал көтерудің қажеті жоқ.
Қазір күйеуіммен қарым-қатынасымыз жақсы. Үйге, баласына асығып тұратын болды. Ал мен бұрынғыдай өзімді жегідей жеуді қойдым", - дейді келіншек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789165-pryerenen/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.