Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісайда өгей шешесінен қорлық көрген қыздарға қатысты әкімдік жауап берді

Опубликовано:

Түркістан облысының Полиция департаменті үш баланы ұру фактісі бойынша Жетісай тұрғынына қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: femunity.livejournal.com
Көрнекі фото: femunity.livejournal.com: Facebook

Қоғам қайраткері Әсет Ассанди Facebook парақшасында зардап шеккен балалардың ағайынды үш қыз екенін хабарлады.

Оның айтуынша, жәбірленуші қыздар қазір әжелерінің қолында.

Полиция департаменті баспасөз қызметі бұл жайт Жетісай АПБ-де тіркелгенін хабарлады. ҚР ҚК 140-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдіктіге шектеу шарасы қолданылады. Аталған жағдай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және облыс прокурорының бақылауында.

Түркістан облысы әкімдігінде балаларды ұрып-соғу фактісін мектепте байқағанын айтады.

Олардың жағдайы дұрыс емес екенін қыздардың бірі білім алатын мектеп директоры байқап қойған.

Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, орта мектеп директоры қыздың денесінде зақымдар бар екенін аудандық білім бөліміне хабарлаған.

"Қазір балалар Жетісай аудандық ауруханасында жатыр. Денсаулықтары мен өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Облыс прокуроры істі өз бақылауына алды", -деді әкімдікте.

Айта кетейік, бүгін Түркістан облысында өгей шеше қыздарды ұрып-соқты деген күдікке ілінген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789421-trkistan-oblysynda-gej-sesesinen-korlyk-krgen-kyzdardy-seu-ekeni-anyktaldy/

pixel