Қарағандыда қар жауып, бірнеше жол апаты орын алды (фото, видео)
Опубликовано:
Бүгін түнде Қарағанды мен жетекші қалаларда қар жауды. Облыстың тас жолдарында таңертеннен бері оншақты жол апаты тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қыстың аяқталғанына сенімді болған көлік жүргізушілерінің басым көпшілігі қыстық резинаны жаздыққа наурыздың соңында ауыстырып тастаған.
Алайда, 17 сәуірдің 18-не қараған түні облыс аумағына қар жауып, ауа температурасы минус 5-6 градусқа дейін түсіп кеткен. Ауа райының күрт өзгеруінің нәтижесінде жолдар мен тротуарлар көк мұзға айналды.

"Таңғы уақыттан бастап, түрлі жол апаттарын тіркеп жатырмыз. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Бірақ, аздаған материалды шығын келтірілген" , - деді Майқұдықтағы "Восток" шағын ауданындағы жол апатының анық-қанығын анықтап жатқан тәртіп сақшылары.
Синоптиктердің мәліметінше, суық ауа райы өңірде бірнеше күн бойы тұрмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789565-karagandyda-kar-zauyp-birnese-zol-apaty-oryn-aldy-foto-video/