Алматы әуежайында қомақты қаражат алып өтпек болған азамат ұсталды
Опубликовано:
Алматы халықаралық әуежайында 49 жастағы ер адам ұсталды. Ол жарияланбаған 30 мың АҚШ долларын алып өтпек болған деп хабарлайды ҚР ҰҚК шекара қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Азамат Алматыдан Пекинге қарай ұшпақшы болған. Рейске тіркеу кезінде оны шекарашылар ұстапты.
Қазақстандық өзімен бірге жарияланбаған 30 мың долларды, 1 285 юаньді, 22 мың теңге алып жүрген.
Тәркіленген ақшаларды қызметкерлер актпен "Жетісу" шекара бекетіне өткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789617-almaty-uezajy-arkyly-komakty-karazat-alyp-tpek-bolgan-er-azamat-staldy/