Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұртас Адамбай даулы жағдайдан кейін "Эйр Астана" президентімен кездесетін болды

Опубликовано:

Белгілі продюсер Нұртас Адамбай "Эйр Астана" президенті Питер Фостермен жүздеседі. Бұл кездесудің басты себебі актердің сатып алған билетіне қарамастан ұшақтың бизнес-классынан орын ала алмауы болып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook.com/NurtasAdambay
Фото: Facebook.com/NurtasAdambay: Facebook

Бұл туралы Нұртас Адамбай өз Facebook парақшасында мәлімдеді. Сонымен қатар, ол басшылықтың өзінен кешірім сұрағанын айтты. Енді Питер Фостер оқиғаны талқылау үшін продюсермен кездеспек.

"Негізі, әуежайда маған өтемақы ретінде 100 емес, 200 доллар ұсынды. Мен оны алмадым, себебі мен ақша үшін емес, нақты орын санынан көп билеттің сатылғаны үшін наразылық білдірдім.
"Эйр Астананың" қарапайым қызметкерлеріне еш өкпем жоқ. Олар жеткілікті түрде сыпайы әрі нақты жауап берді. Мен олардың overbooking жүйесіне наразылық білдіріп отырмын. Қатардағы компания қызметкерлерінің еш қатысы жоқ екені анық дүние", - деп жазған продюсер.

Нұртастың сөзінше, ол бұл ақпаратты компания алдағы уақытта осыған ұқсас жағдайлардың алдын алу үшін таратқан.

Енді продюсер кездесу нәтижесін қосымша хабарлаймын деп отыр.

Айта кетейік, күні кеше Нұртас Адамбай сатып алған билетіне қарамастан, өзін "Эйр Астана" ұшағының бизнес-классына жібермей қойғанын айтты. Продюсердің сөзінше, ол тіркеуге уақытында келсе де, "жүйе ақауына" байланысты заңды орнын ала алмапты.

Артынша әуе компаниясы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, жолаушыға өтемақы ретінде 100 доллар ұсынғандарын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789898-nrtas-adambaj-dauly-okigadan-kejin-ejr-astana-prezidentimen-kezdesetin-boldy/

pixel