Бақыт Жұматова: 2024 жылы әлемде қиын-қыстау кезең болады

Опубликовано:

Ресейде өткен экстрасенстердің байқауында үздіктердің қатарынан табылған танымал экстрасенс Бақыт Жұматова биылғы жылы әлемде қандай табиғи апаттар орын алатынын айтып берді. Белгілі экстрасенс 2024 жылы әлемде қиын-қыстау заман орын алуы мүмкін деген болжамымен де бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото танымал экстрасенстің жеке мұрағатынан алынды
Фото танымал экстрасенстің жеке мұрағатынан алынды: Instagram

Экстрасенстің болжамынша, биылғы жылы әлемде табиғи апаттар көп болатын көрінеді.

"Биылғы жылы табиғи апаттар да көп болады, әсіресе көп елдер мен тұрғын-үйлерді су басады. Ал кей елдерде керісінше құрғақшылық болады. Бастысы Қазақстанда ондай табиғи апаттар да, соғыс та болмайды. Басқаны білмеймін, мен үшін бастысы – тыныштық, бейбіт өмір", - дейді танымал экстрасенс.

Сондай-ақ, Бақыт Жұматова 2024 жылы әлемде қауіпті жағдай орын алуы мүмкін деді.

"2024 жылы әлемде қиын-қыстау сәт орын алатынын көріп тұрмын. Бұл ретте Қазақстан да әлемдегі жағдайдан тысқары қала алмайды. Әсіресе көршілес Ресейде қиын сәт орнағанда, оның бір ұшы Қазақстанға да тиюі әбден мүмкін", - деді танымал экстрасенс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789979-bakyt-zmatova-2024-zyly-lemde-kiyn-kystau-keze-bolady/