Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 10 мекеме жұмыскердің жалақысын бермей келген

Опубликовано:

Шымкентте 10 мекеме 165 жұмыскердің 60 млн теңге жалақысын бермей келген. Бұл туралы бүгін Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіподақ ұйымдарының семинарында айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: elarna.net
Фото: elarna.net: UGC

Бүгінгі таңда 57,2 млн теңге жалақы қарызы қордаланып отыр. Шымкент қалалық кірістер департаментінің мәліметінше 2 мекемеде оңалту рәсімі жүріп жатса, 2 мекеме дағдарысқа ұшыраған. Жалпы осы 4 мекеменің 86 жұмыскерінде алдындағы 29,8 млн теңге жалақы қарызы бар.

28 сәуір дүниежүзілік еңбек қорғау күніне арналған «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» тақырыбындағы семинарда бірлестік төрағасы Берік Бекжанов қалада жыл басынан бері 21 661 кәсіпорынның 95,2 пайызында ұжымдық келісім шарт жасалмағанын айтты.

Тек 1033 мекеме, яғни 4,8 пайызында ұжымдық келісім шарт жасалған. Осылайша семинарға қатысушылар жалақы қарызы секілді мәселелердің қордалануына септесті. Өйткені оларда кәсіподақ ұйымдары ашылмаған. Еңбек дауларын дер кезінде шешуде ұжымдық шарттың жасалмауы себеп болады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790002-symkentte-10-mekeme-zmyskerdi-zalakysyn-bermej-kelgen/

pixel