Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде үйірімен мал ұрлайтын қылмыстық топта әйел адам да бар болып шықты

Опубликовано:

Ақтөбелік полицейлер мал ұрлығымен айналысып жүрген тоғыз адамды ұстады. Қылмыстық топ облыстың бірнеше ауданынан үйірімен мал ұрлаған. Олар жайылымда жүрген малды айдап алып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: pvl.sud.kz
Фото: pvl.sud.kz: Facebook

Мал ұрлауды кәсіп еткен қылмыстық топ құрамында әйел адам бар болып шыққан.

"Қылмыскерлер малды бос қалған қораларға кіргізіп, сол жерде ірілерін таңдап алған. Қорада бөлшектеп, алдын ала дайындалған көлік құралымен тасиды.

Ұрланған малдың етін Ақтөбе қаласының жеке сатып алушыларына бөлшектеп сатқан. Көліктердің бірінің жүргізушісі - әйел адам.

Қазіргі кезде бес мал ұрлау дерегі  бойынша 9 адам ұсталып, олардың біреуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде",-дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктілердің Қобда және Алға аудандарындағы мал ұрлау деректеріне қатысы бар екені анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790528-aktbede-jirimen-mal-rlajtyn-kylmystyk-topta-jel-adam-da-bar-bolyp-sykty/

pixel